ТҮРКІСТАНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 8
    Түркістан қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ тәрбиесі мен дәстүр сабақтастығын насихаттау мақсатында «Рухани керуен» жобасы аясында кездесу өтті.
    Тағылымды басқосуға қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов, жайдарманшылар мен блогерлер Бақдаулет Жаманқұлов, Ердехан Хамит, Жақсыбек Қабылбай, сондай-ақ ардагерлер, ақ жаулықты әжелер, жастар мен түрлі сала өкілдері қатысты.
    Кездесу барысында ұлттық тәрбие, салт-дәстүр сабақтастығы, отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет, кішіге ізет және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мәселелері сөз болды.
    Қонақтар өз ойларын ортаға салып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Ашық пікір алмасу барысында ұлттық болмысты сақтау, отбасы жауапкершілігі мен қоғамдағы өзара сыйластықтың маңызына ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары