Облыста жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, олардың алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 1886 дерегін анықтап, жолын кесті. Оның ішінде: 34 дерек — көлік құралын мас күйде басқару; 30 дерек — көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлік басқаруы; 85 дерек — бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту; 4 дерек — қарсы қозғалыс жолағына шығу.
Әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 98 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Сондай-ақ әртүрлі құқық бұзушылықтарға байланысты 62 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі алынды. Құқық бұзушылар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Іс-шара барысында ауыр жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатын құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Жол қауіпсіздігін күн сайын патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және басқа да бөліністердің өкілдері қамтамасыз етті.
Ауыр жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол қозғалысы қағидаларын саналы түрде елемеуден туындайды. Көлікті мас күйде басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, көлік басқару құқығының болмауы және медициналық куәландырудан өтуден бас тарту жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жолда бір-біріне құрметпен қарауға және қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын ұмытпауға шақырамыз, — дейді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.
Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы аясында 1800-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚ ТОҒЫСТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Құрметті қала тұрғындары!
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Алматыда Республика күніне орай мың жас флешмобқа қатысты
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Алматылық шахматшылар әлем чемпионатында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды
Алматы қаласының әкімдігіАшу
"Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Қараңғылауға тыйым салынған: Павлодарда талапты бұзған жүргізушілер анықталуда
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Полиция ведомствосында қызметкерлердің кәсіби жарамдылық деңгейі тексерілді
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Lexus RX330 көлігінің жүргізушісі камераға 14 рет түскен
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
«Таза Қазақстан» – тазалық өзімізден басталады!
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Мал ұрлығының алдын алу және қараусыз мал жаюға жол бермеу
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу