Алдыңғы әйнек пен алдыңғы бүйірлік әйнектерді жүргізушінің көру мүмкіндігін шектейтіндей қараңғылау жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Белгіленген талаптарға қарамастан, кейбір автокөлік жүргізушілері әлі де көріну деңгейін төмендететін үлдірлер мен басқа да жабындарды қолдануды жалғастыруда.
Кезекті патрульдеу кезінде Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Н. Назарбаев көшесінде алдыңғы бүйірлік әйнектеріне белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қараңғылағыш жабын орнатылған бірнеше автокөлікті тоқтатты.
– Белгіленген техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Ғабит Әзбердиев.
Жүргізушілер әйнектерді қараңғылауды жайлылықпен байланыстырады: мұндай жабын салонды күн сәулесінен қорғауға көмектеседі. Алайда жеке жайлылық жүргізушінің, жолаушылардың және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс.
Жыл басынан бері Павлодар облысында осы бап бойынша 9 554 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін белгіленген талаптарды сақтауға, көру мүмкіндігін шектейтін жабындар мен құрылғыларды пайдаланбауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталатынын еске салады.
Қараңғылауға тыйым салынған: Павлодарда талапты бұзған жүргізушілер анықталуда
Ұқсас материалдар
V Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары алтыншы жарыс күнінде 5 медаль жеңді
ҚР ТСМАшу
ТҮРКІСТАНДА ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚ ТОҒЫСТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Құрметті қала тұрғындары!
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Алматыда Республика күніне орай мың жас флешмобқа қатысты
Алматы қаласының әкімдігіАшу
"Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы аясында 1800-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Полиция ведомствосында қызметкерлердің кәсіби жарамдылық деңгейі тексерілді
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Lexus RX330 көлігінің жүргізушісі камераға 14 рет түскен
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
«Таза Қазақстан» – тазалық өзімізден басталады!
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Мал ұрлығының алдын алу және қараусыз мал жаюға жол бермеу
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу