Павлодарда полицейлер жолдардың қысқы маусымға дайындығын тексерді

    Павлодар қаласындағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстаумен айналысатын мердігер ұйымдардың қысқы кезеңге дайындығы тексерілді.
    Тексеру барысында төмендегілерге назар аударылды:
    🔹 Арнайы қар тазалау техникаларының дайындығы;
    🔹 Тұз, құм және көктайғаққа қарсы материалдардың қоры;
    🔹 Материалдарды сақтау және тиеу құралдарының болуы;
    🔹 Жүргізушілер мен жұмысшыларға арналған демалыс және жылыту орындарының жабдықталуы;
    🔹 Кезекшілікті ұйымдастыру және жол жағдайы туралы жедел ақпараттандыру жүйесі.
    Тексеру қорытындысы бойынша мердігер ұйымдардың қысқы маусымға дайындығы туралы тиісті актілер жасалды.
    Павлодар қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Абылайхан Алпысбайдың айтуынша, негізгі мақсат – қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қолайсыз ауа райы жағдайында автомобиль жолдарының үздіксіз әрі қауіпсіз пайдаланылуына жағдай жасау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары