«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ертіс ауданындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебінде балалардың қауіпсіздігі, олардың тәрбиесі мен амандығы үшін ата-аналардың жауапкершілігі мәселелеріне арналған ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысына Ертіс ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Куат Сарсембаев қатысты. Өз сөзінде ол кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы айтып, балалар мен жасөспірімдер тап болуы мүмкін өзекті қауіптерге тоқталды.
Әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың, буллинг пен кибербуллингтің, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды дропперлікке және есірткі заттарының заңсыз айналымына, соның ішінде есірткі заттарын жасырын орындарға орналастыру арқылы таратуға тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Инспектор Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салды. Сонымен қатар ата-аналарды балалардың қауіпті әрі заңсыз әрекеттерге тартылу тәуекелдерін елемеуге болмайтынын ескертіп, қырағылық танытуға шақырды.
Жиналыста кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын, қарым-қатынас ортасын және жүрген жерін бақылау мәселелері де қозғалды. Сондай-ақ ата-аналарға балалардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуына қатысты заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау қажеттігі ескертілді.
Кездесу соңында Куат Сарсембаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - отбасының, мектептің және құқық қорғау органдарының ортақ міндеті екенін атап өтті. Баланың өміріне және қызығушылықтарына назар аудару, онымен сенімді қарым-қатынас орнату, мінез-құлқындағы алаңдаушылық туғызатын өзгерістерге дер кезінде ден қою және ата-аналық міндеттерге жауапкершілікпен қарау құқық бұзушылықтардың алдын алудың және өскелең ұрпақты қорғаудың маңызды шарттары болып табылады.
Балалардың қауіпсіздігі үлкендердің жауапкершілігінен басталады. Тек бірлескен күш-жігер арқылы әрбір баланың құқыққа қайшы әрекеттерден және қоршаған ортаның теріс ықпалынан қорғалуына жағдай жасауға болады.
«Заң мен тәртіп»: балалардың қауіпсіздігі - әрбір ата-ананың жауапкершілігі!
Ұқсас материалдар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
"Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

«Қауіпсіз үй» – үйдегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі: полицейлер автокреслоларды пайдаланудың маңыздылығын еске салды
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Павлодарда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Павлодар облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 мыңнан астам дерегі анықталды
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: полиция құқық бұзушылықтардың жолын кесті
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу