Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі: полицейлер автокреслоларды пайдаланудың маңыздылығын еске салды

    Павлодар облысының полиция қызметкерлері жүргізушілерге балаларды автокөлікте тасымалдау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қажеттілігін тағы да еске салады.
    Балалар жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санаттарының бірі болып қала береді. Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, 12 жасқа дейінгі балаларды алдыңғы орындықта автокреслосыз немесе арнайы бесіксіз тасымалдауға тыйым салынады. Балаларды автокөлік салонында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы ұстап тұратын құрылғыларды пайдалану арқылы тасымалдау қажет.
    Ең алдымен, жүргізушіні ережені бұзғаны үшін салынатын жаза емес, баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі алаңдатуы тиіс.
    Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамағаны үшін 8 914 жүргізуші, оның ішінде 879 жүргізуші балаларға арналған арнайы ұстап тұратын құрылғыны пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Государственный орган өкілдері ата-аналар мен жүргізушілерді балаларға арналған автокреслоның жай ғана талап емес, еңалдымен баланың өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған маңызды құрал екенін есте сақтауға шақырады.
    «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізушілерге балаларды автокөлікте тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауды ұсынады. Бұл ережелер жол-көлік оқиғасы болған жағдайда кішкентай жолаушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары