Павлодар облысында ішкі істер органдарының ардагерлері спорттық жарыстарда бас қосты

    Павлодар облысы Полиция департаментінің «ARLAN» спорт клубында Ардагерлер күні қарсаңында құқық қорғау органдарының ардагерлері арасында шағын футбол мен үстел теннисінен жарыстар өтті.
    Спорттық шараға Павлодар облысы Полиция департаментінің, Ақсу қаласының, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының атынан төрт команда қатысты.
    Қатысушылар өздерінің жақсы спорттық дайындығын ғана емес, сонымен қатар нағыз командалық рухты, ауызбіршілікті, өзара қолдауды және жеңіске деген жігерді көрсетті.
    Шағын футболдан өткен жарыста жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өрбіді. Нәтижесінде бірінші орынды Павлодар облысы Полиция департаментінің ардагерлер командасы иеленіп, жеңімпаз атанды. Екінші орын Ақсу қаласының ардагерлер командасына бұйырса, үшінші орынды Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері иеленді.
    Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды:
    «Үздік шабуылшы» - Нұртай Идрисов (ҚАЖД);
    «Үздік ойыншы» - Рустам Мналимов (Мамандандырылған күзет қызметінің ардагері);
    «Үздік қорғаушы» - Руслан Кизатов (Ақсу қаласы ПБ ардагері);
    «Үздік қақпашы» - Болат Ахметов (облыстық ПД ардагері).
    Үстел теннисінен өткен сайыстар да тартысты әрі қызықты болды. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды Мамандандырылған күзет қызметінің ардагері Марат Алибеков иеленді. Екінші орын Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагері Ниязбек Оразалиновқа бұйырды. Ал үшінші орынды ҚАЖД ардагері Марат Байгужинов пен Мамандандырылған күзет қызметінің ардагері Владимир Долматов өзара бөлісті. Олар да жоғары ойын шеберлігі мен спорттық дайындықтарын көрсетті.

    Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар, кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.



    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары