Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың салдарын көрнекі түрде көрсетті

    Павлодар облысының полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында жол-көлік оқиғасына түскен Audi автокөлігі қала көшелерімен жүріп өтіп, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың салдарын көрнекі түрде көрсетті.
    Зақымдалған автокөлік жол қозғалысына қатысушылар үшін өзіндік ескертуге айналды. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді көліктің жағдайына назар аударып, тіпті, бір қарағанда елеусіз болып көрінетін жол ережесін бұзудың өзі қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін ойлануға шақырды.
    Полиция қызметкерлері жылдамдықты шамадан тыс арттыру, арақашықтықты сақтамау, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау қағидаларын бұзу және рөлде отырып ұялы телефон пайдалану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.
    Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
    Полиция қызметкерлері жүргізушілерді тәуекелге бармай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өйткені әрбір жол-көлік оқиғасының артында жай ғана зақымдалған көлік емес, адам тағдыры мен денсаулығы тұр. Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымызға байланысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары