СҚО полицейлері ойланбай айтылған сөздердің салдары туралы фильм түсірді

    1 / 3

    Ешкімнің мүлкін ұрламаған, төбелеспеген, материалдық зиян келтірмеген адамдар неліктен темір тордың ар жағынан бір-ақ шығады? Кейде өмірде немесе интернетте ойланбай айтылған сөздер ауыр құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін.

    Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен және жергілікті телеарна ұжымымен бірлесіп түсірген «Кері қайтар жол жоқ» деректі фильмінде баяндалады.

    Фильмге Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру, ұлтаралық және діни алауыздықты қоздыруға байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдармен жүргізілген сұхбаттар арқау болған.

    Соңғы үш жылда өңірде осы баптар бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта алты сотталған адам жазасын өтеп жатыр. Фильм кейіпкерлері өз оқиғалары арқылы ойланбай айтылған сөздер, эмоцияға берілген даулар мен мас күйдің өздері күтпеген салдарға қалай әкелгенін баяндайды. Соның бір мысалы – бейнечаттарда бейтаныс адамдармен арандатушылық сипаттағы әңгімелерге араласу.

    Фильмнің мақсаты – көрермендерге интернетте айтылған сөздер үшін де жауапкершілік бар екенін, ал мас күй мен арандату бұл жауапкершіліктен босатпайтынын ескерту. Бірнеше минуттық ойсыз әрекет бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуға әкелуі мүмкін. «Кері қайтар жол жоқ» фильмі YouTube платформасында жарияланды және көруге қолжетімді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары