СҚО полицейлері қысқы жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесін талқылады

    1 / 6

    2025–2026 жылдардағы қысқы кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 109 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 153 адам жарақат алды.

    Жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында жаңа қысқы маусым қарсаңында полицейлер мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірге жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау мәселелерін талқылады. Жиынға облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Марат Жұмалиев төрағалық етті. Аудандық полиция бөлімдері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.

    Солтүстік Қазақстан облысындағы автомобиль жолдары мен көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 16 мың шақырымға жуық. Жыл басынан бері полицейлер жол инфрақұрылымына 2 мыңнан астам тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою туралы 1627 нұсқама берді.

    Сондай-ақ полицейлер қар басып қалу қаупі жоғары жол учаскелерін анықтады. Аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына жол ұйымдары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бұл учаскелерге қосымша тексеру жүргізу тапсырылды.

    Жиында жол техникасының саны мен қысқы маусымға дайындығы, жолдарға себілетін материалдардың жеткіліктілігі, жылыту пункттерін ұйымдастыру, тұрғындарды уақтылы хабардар ету және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

    Полицейлер ауа райы қолайсызданғаны және жолдардың жабылғаны туралы тұрғындарға дер кезінде хабарлау, қызметтер арасында ақпарат алмасуды жедел ұйымдастыру, қозғалысқа шектеу қою және автомобиль жолдарын жабу кезінде іс-қимылдарды үйлестіру қажеттігіне назар аударды.

    Полиция полковнигі Марат Жұмалиев атап өткендей, атқарылып жатқан жұмыстың басты нәтижесі – жолдарда қайғылы жағдайларға жол бермеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында қауіпсіздікті нығайту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары