Қазақстанда 321-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    1 / 9

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Гусаковка ауылында Гусаковка ауылдық округі әкімдігінің базасында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол Гусаковка, Береславка, Корсаковка және Новосветловка ауылдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бекеттің қызмет көрсету аумағында 1 мыңнан астам тұрғын және 400-ге жуық тұрғын үй бар.

    Бекет өрт сөндіру автоцистернасымен жабдықталған.Оның құрамында өрт жеңдері, қол және лафеттік оқпандар, сатылар, құтқару арқаны, көбік беру жабдықтары, байланыс құралдары және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құрал-саймандар бар. Қызмет атқаруға екі қызметкер, атап айтқанда өрт сөндіруші мен жүргізушідайын, сонымен қатар төрт ерікті өрт сөндіруші арнайы оқытудан өткен.

    Ғимаратта өрт сөндіру техникасына арналған гараж, диспетчерлік бөлме, демалыс бөлмесі, ас үй, киім ауыстыратын орын және душы бар санитарлық торап жабдықталған.Нысан қатты отынмен жылытылатын жүйемен, электр және сумен жабдықтау, кәріз жүйелерімен қамтамасыз етілген. Жеке құрамның тәулік бойы кезекшілік атқаруына қажетті жағдай жасалған.

    Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға, өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және төрт ауылдың тұрғындарын қосымша қорғауға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары