Қазақстанда 318-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    1 / 10

    Түркістан облысы Отырар ауданының Көксарай ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекет аудан орталығы Шәуілдір ауылынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Оның жауапкершілік аймағына жалпы саны 5 067 адам тұратын төрт елді мекен кіреді.

    Жаңа өрт сөндіру бекетінде жеке құрамның тәулік бойы қызмет атқаруына және қызметтік міндеттерін орындауына қажетті жағдай жасалған. Ғимаратта өрт сөндіру автокөлігіне арналған гараж, байланыс пункті, демалыс бөлмесі, ас үй, қосалқы және санитарлық-тұрмыстық бөлмелер бар. Жедел әрекет ету үшін ТЖМ бекетке өрт сөндіру автокөлігін берді. Сонымен қатар нысан қажетті өрт-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, Төтенше жағдайлар департаментінде бастапқы даярлықтан өткен жеке құраммен жасақталды.

    Ерікті өрт сөндірушілер тәулік бойы кезекшілік атқарып, кәсіби бөлімшелер келгенге дейін өртті сөндіруге және халыққа көмек көрсетуге дайын. Жаңа бекеттің ашылуы өртке қарсы қорғаныс жүйесін нығайтып, тұрғындарға шұғыл көмек көрсету жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары