Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 316-шы ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    1 / 14

    Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылдық округіне қарасты Бестерек ауылында «Ауыл құтқарушылары» жаңа ерікті өртке қарсы құралымының ашылу салтанаты өтті. Жаңа өрт сөндіру бекеті Бестерек, Қазымбет және Ер Қабанбай ауылдарының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның жауапкершілік аймағында 671 тұрғын үй бар, онда шамамен 2 221 адам тұрады.

    Салтанатты іс-шараға ТЖД бастығы Еркін Отарғалымұлы, Үржар ауданының әкімі Ақылбек Жұмабекұлы, жеке құрам мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Жаңа өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен салынды. Қызметті ұйымдастыру үшін ол өрт сөндіру техникасымен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ерікті өрт сөндірушілер төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайын.

    Жаңа бекеттің ашылуы өрт сөндіру бөлімшелерінің оқиға орнына жету уақытын қысқартып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары