Дұрыс қойылмаған автотұрақ: Павлодарда 2,5 мыңнан астам тұрғын тұрақ ережесін бұзған

    Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында көлікті тротуарға қою, басқа көліктердің шығуына немесе жүріп өтуіне кедергі келтіру – жиі кездесетін мәселелердің бірі. Мұндай жағдайлар көршілер арасында жанжал туғызып, арнайы қызмет көліктерінің қажетті сәтте өтуіне кедергі келтіреді, сондай-ақ ондаған жүргізушіге қолайсыздық тудырады, – деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.

    Жыл басынан бері автотұрақ ережелерін бұзғаны үшін өңірдің 2661 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Мәселен, Олжабай батыр көшесіндегі үйдің ауласында «Жигули» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлігін басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіретіндей етіп қойған.

    Ал Назарбаев даңғылындағы үйдің ауласында Chevrolet маркалы автокөлік ағаштарды кесу жұмыстарына кедергі келтірген.

    Тағы бір өзекті мәселе – мүгедектігі бар адамдарға арналған автотұрақ орындарын тиісті рұқсаты жоқ көлік жүргізушілерінің иемденуі.

    «Омниканальность Police 102» арнасы арқылы Гранта маркалы автокөліктің жүргізушісі «Мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ» белгісінің астына көлігін қойғаны туралы фотоматериалмен бірге хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері көрсетілген орындарға барып, көлік иелерін анықтап, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырып, айыппұл салды.

    Айта кетейік, биыл 1495 азамат «Омниканальность Police 102» қосымшасын пайдаланған.

    Полиция барша азаматты жол қозғалысы ережелерін сақтауға және көлік құралдарын тек арнайы белгіленген орындарға қоюға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары