«Кітаптар есірткіге қарсы»: білімді таңда, өмірді таңда!

    Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында полицияның есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері, кітапхана ұжымы және студент жастардың қатысуымен «Есірткіге қарсы кітаптар» атты ақпараттық-ағартушылық акция өтті.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің есірткі ортасына тартылуының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және қазіргі цифрлық кеңістікте жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
    Павлодар қаласы Полиция басқармасы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлім бастығының орынбасары Айбек Алқамбек өз сөзінде цифрлық есірткі гигиенасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, қауіпті контентті ажырата білу, интернеттегі күмәнді ұсыныстарға алданбау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы заңсыз әрекеттерге тартылуға қарсы тұру қажеттігін атап өтті.
    Студенттерге салауатты өмір салтына, тәуелділіктің алдын алуға және жеке қауіпсіздікке арналған тақырыптық әдебиеттерге шолу жасалды. Кітап көрмесі маңызды мәселелерді талқылауға және әр адамның өз таңдауының салдары туралы ойлануына мүмкіндік берді.
    Полиция департаменті еске салады: қауіпсіздік дұрыс таңдаудан басталады. Есірткінің болашағыңызды ұрлауына жол бермеңіз – тәуелділіксіз өмірді таңдаңыз!
    Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, цифрлық қауіпсіздік және есірткіге қарсы іс-қимыл туралы пайдалы ақпаратты Павлодар облысының Antinarko.kz ақпараттық платформасынан табуға болады. Әрбір азамат платформа материалдарын пайдаланып, маңызды ақпарат алып, өз білімін толықтыра алады. Ақпараттан хабардар бол – өзіңді және болашағыңды қорға!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары