Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Амина Ларешпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанның энергетика секторын дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту, инвестициялар тарту, мұнай-газ кешені мен электр энергетикасын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Энергетика секторын дамытудың негізгі бағыттарына, атап айтқанда мұнай мен газ өндіру перспективаларына, ірі кен орындарын игеруге, мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, экспорттық бағыттарды әртараптандыруға, электр энергиясы нарығы мен тарифтік саясатты жетілдіруге, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Халықаралық валюта қоры Энергетика министрлігінің энергетика саласын дамыту бағытындағы қызметіне оң баға беріп, энергетикалық инфрақұрылымды нығайту және елдің энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша энергетика саласы мен Қазақстан экономикасын орнықты дамыту мәселелері бойынша сындарлы диалог пен тәжірибе алмасуды жалғастыруға өзара мүдделілік расталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









