2026 жылдың 10 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас мамандары Г. Мырзанова, Ж. Бабықбай №42 орта мектептің 9 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру лекциясы өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары мен заң талаптарын сақтау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу.
Лекция барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









