1 / 5
2026 жылдың 9 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас мамандары Г. Мырзанова, Г. Сағындықова «Тараз теміржол көлік және коммуникация» колледжінде студенттерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру лекциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу.
Лекция барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









