«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу»

    1 / 3

    2026 жылдың 11 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас мамандары Г. Мырзанова, Г. Сағындықова «Жамбыл облысы әкімінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №54 орта мектебі» КММ-нің оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру лекциясын өткізді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу.
    Лекция барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Әділет департаменті" жаңалықтары