Қазақстан ДЗМҰ-ның жасанды интеллект жөніндегі бірінші жаһандық форумына төрағалық етті

    1 / 2

    Женева, 2026 жылғы 9 қараша

    Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Женевада (Швейцария) 9-10 қараша күндері өтіп жатқан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Зияткерлік меншік пен жасанды интеллект (ЖИ) бойынша бірінші жаһандық форумының жұмысына жетекшілік етті.

    Форум пікірталастарына ДЗМҰ-ға мүше мемлекеттерден министрлер, мемлекеттік государственный орган басшылары, халықаралық сарапшылар мен технологиялық компаниялардың өкілдері қатысты. Күн тәртібінде авторлық және патенттік құқықтарды қорғау, ғылым мен инновацияларда жаңа технологияларды қолдану, сондай-ақ адамның дауысын, бейнесін және цифрлық бірегейлігін қорғау мәселелері көтерілді.

    Бұдан бөлек, форум аясында қазақ тілі алғаш рет ЖИ-субтитрлеудің тәжірибелік жүйесіндегі 20 тілдің қатарына енді. Бұл өз кезегінде қазақстандық мамандарға форум аясындағы пікірталастарды мемлекеттік тілде нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Аталған нәтиже Женевадағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің бастамасымен және ДЗМҰ Хатшылығының келісімі нәтижесінде мүмкін болды.

    Форумға төрағалық ету Қазақстан үшін ЖИ саласындағы халықаралық күн тәртібін қалыптастырудағы маңызды қадам және халықаралық қоғамға ЖИ мен зияткерлік меншік саласындағы өз жетістіктерін таныстыруға мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" жаңалықтары