«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 28 қазанда Қазақстан халқына арналған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында болашақ экономикасына көшудің құқықтық негізін қалыптастыру үшін жаңа Азаматтық кодекс әзірлеуді тапсырды. Бұл – елдің экономикалық дамуына тың серпін берумен қатар, әрбір азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды бастама.
    Өйткені баспана сатып алу, жеке кәсіп ашу, цифрлық платформалар арқылы қызмет алу, мүлікті мұраға қалдыру сияқты күнделікті тіршіліктегі көптеген мәселе азаматтық заңнама арқылы реттеледі. Заң нормаларының түсінікті, нақты әрі өзара үйлесімді болуы азаматтардың өз мүлкіне еркін иелік етуіне, келісімшарт жасасуына және заңды мүдделерін қорғауына сенімді құқықтық негіз қалайды. Сондықтан жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу – азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, құқықтық қатынастарды заман талабына бейімдеуге және ел экономикасының орнықты дамуына жол ашатын маңызды қадам.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Әділет департаменті" жаңалықтары