Борышкерлердің есептік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін қойылған тыйымдарды шешу
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 47 бабының 2 тармағына сәйкес, борышкердің есептік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне қойылған тыйымдардың күші атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған соң жойылуға тиіс. Дегенмен, атқарушылық құжат орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылады. Сондай-ақ, осы заңның 48 бабының 6 тармағына сәйкес, мәжбүрлеп орындату шараларының: 1) егер өндіріп алушы орындау бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген; 2) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға берудің осы Заңның 11-бабында көзделген мерзімі өткен жағдайларда күші жойылуға жатады. Сонымен қатар, тыйымдар өндіріп алушының арызының негізінде шешілуі мүмкін.