1 / 6
Республика күні.
2026 жылдың 23 қазанында Жамбыл облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен Республика күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеуге қатысты іс-шаралар жоспарының 1 тармағын орындау мақсатында салтанатты және ресми жиын өткізілді.
Жиын барысында «Республика күні» атты тақырыбы бойынша бейнебаян көрінісі көрсетілді.
Атаулы күнге орай, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің грамотасы және Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді.









