Борышкерді борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 36 бабының 3 тармағына сәйкес, борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Сот орындаушысы осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, яғни Әділет департаментіне борышкерді борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.
Тиісті ақпарат келіп түскен соң, Әділет департаментімен құжаттар Заң талаптарына сай зерделеніп, үш жұмыс күні ішінде борышкер борышкерлердің бірыңғай тізілімен алынып тасталынады.