Алимент қай сәттен бастап есептеледі?

    Жамбыл облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Алимент қай сәттен бастап есептеледі?

    Жауап

    Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады. Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 64-бабы).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Борышкерлердің есептік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін қойылған тыйымдарды шешу

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 47 бабының 2 тармағына сәйкес, борышкердің есептік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне қойылған тыйымдардың күші атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған соң жойылуға тиі...

    Сұрақ

    Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастау

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 33 бабының 4 тармағына сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып таста...

    Сұрақ

    Борышкерді борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 36 бабының 3 тармағына сәйкес, борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан к...

    Сұрақ

    Шетелге ресми органдардан шығатын құжаттарға апостиль қажет болғанда, оны қалай жасауға болады?

    Жауап

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ресми құжаттарға апостиль таңбасын қоюға құжаттар қағаз жүзінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсыру немесе egov.kz электронды порталында да электронды өтінім беру арқылы құжаттарды апостильдеу мүмкіндігі бар.Ол үшін электронды цифрлы қолт...

    Сұрақ

    Заңды тұлғаны тіркеу қанша уақытта болады, яғни тіркеу мерзімдері бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды тіркеу,олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы» Заңының 9 бабында заңды тұлғаның тіркеу мерзімдері нақты көрсетілген, ол 5 жұмыс күн. Егерде тіркеуге ұсынған құжаттарда қандайда бір кемшіліктер болса, онда тіркеу мерзі...

    Сұрақ

    Электронды түрде заңды тұлғаны тіркеу мүмкін бе, оның жолдары қандай?

    Жауап

    Электронды түрде коммерциялық ұйымдар –яғни, жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеу мүмкіндігі бар, ол үшін өтініш иесі электронды цифрлы қолтаңба алып, egov.kz электронды порталында өз кәсібін бастау туралы хабарлама тіркейді, ол не бары 10-15 минут уақыт алады және де ол...

    Сұрақ

    Егер борышкер жұмыс істемесе, алимент бойынша берешек қалай анықталады?

    Жауап

    Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның жалақысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаса, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жала...

    Сұрақ

    Алимент қандай кірістерден ұсталады?

    Жауап

    Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдік валютада) жалақының (ақшалай сыйақы, үлес) және өзге де кірістің барлық түрлерінен, оның ішінде: 1) қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін немесе орындаған жұмысы үшін еңбек...