Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 23 қазанда сағат 09.00-де Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиястың Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі

    2026 жылғы 23 қазанда сағат 09.00-де Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиястың Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі (Қонаев, Мәдениет үйі, үшінші микрорайон, 13) өтеді. Азаматтарды белсенді қатысуға және Энергетика вице-министріне жеке сұрақтар қоюға шақырамыз.

    23 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 15 қазанда Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаровтың Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 15 қазанда сағат 10:00-де (Орал, Н.Назарбаев көшесі, 202, 2 қабат) Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаровтың Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және Энергетика вице-министріне өз сұрақтарын тікелей қоюға шақырамыз.

    15 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    PetroMaintenance 2026 — мұнай-газ саласындағы техникалық қызмет көрсету форумы

    PetroMaintenance 2026 — мұнай-газ саласындағы техникалық қызмет көрсету форумы 📅 18 қыркүйек 2026 жыл 📍 Атырау қаласы, Infinity Event Hall Құрманғазы көшесі, 12 🌐 Форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. «PetroCouncil» Қазақстан мұнай-газ кеңесі техникалық қызмет көрсету, жабдықтардың толыққанды жұмысы және саладағы жаңа шешімдерге арналған дәстүрлі PetroMaintenance 2026 форумына шақырады. Форумда: 🔹 Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз», QazaqGaz, ҚПО, NCOC, ТШО, мұнай өңдеу зауыттары, мұнай-химия кәсіпорындары және мұнай-газ компаниялары өкілдері сөз сөйлейді. 🔹 Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарындағы жабдықтарды күтіп ұстау мен жөндеу тәжірибесі талқыланады. 🔹 Жабдықтың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жоспарлы жөндеу, ақаудың алдын алу, жабдық жағдайын бақылау, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және жабдықтың цифрлық үлгісі тақырыптары қарастырылады. 🔹 Механикалық және электр жабдықтарына қызмет көрсету, дәнекерлеу, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру жүйелері, желдету және ауа баптау жүйелері, құбырлар мен фланец қосылыстарын күтіп ұстау бағыттары талқыланады. 🔹 Өнеркәсіптік сатылар, жабдық бетін дайындау, қорғаныш жабындар, оқшаулау, өрттен қорғау, биіктікте арқанмен жұмыс істеу және тоттан қорғау шешімдері ұсынылады. 🔹 B2B-кездесулер өтіп, сала мамандары тәжірибе алмасуға және жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік алады. Маңызды салалық басқосуда кездескенше! 🔗 Тіркелу: https://event.petrocouncil.kz/petromaintenance2026 📞 Қатысу және серіктестік бойынша: +7 701 180 0280, +7 702 820 8920 Telegram арнамызға жазылыңыз: https://t.me/Petro_council

    18 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионатының өтетінін қуана хабарлаймыз!

    2026 жылғы 16 қыркүйекте Атырау қаласында, IV Халықаралық PetroMaintenance-2026 форумы аясында I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионаты өтеді. Жаңа чемпионат мұнай-газ саласының үздік мамандарын бір алаңға жинайды. Қатысушылар өз кәсіби шеберлігін, жұмысты дәл орындау қабілетін және жоғары өндірістік мәдениетін көрсетеді. 🔧 Сайыс үш негізгі бағыт бойынша өтеді: * дәнекерлеу-монтаж жұмыстары; * құбырларды механикалық өңдеу және дайындау; * фланецті қосылыстарға техникалық қызмет көрсету. I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионаты алғаш рет «ИНТРА» Сервистік компаниясы» ЖШС қолдауымен өтеді. ИНТРА — Қазақстан мен ТМД елдерінде жұмыс істейтін ірі отандық инжинирингтік компаниялардың бірі. Компания 20 жылдан астам уақыт бойы өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдықтары мен құбырларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша кешенді қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ құрылыс және жөндеу жұмыстарына супервайзинг жүргізіп, техникалық аудит қызметтерін ұсынады. Компанияның тапсырыс берушілері қатарында ТШО, NCOC, ҚПО, КҚК-Қ, АМӨЗ және мұнай-газ саласының басқа да жетекші кәсіпорындары бар. PetroMechChamp Kazakhstan мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, үздік өндірістік тәжірибелермен бөлісуге және Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге арналған жаңа кәсіби алаң болмақ. PetroScaffChamp Kazakhstan және PetroMechChamp Kazakhstan чемпионаттарының бір күнде өтуі PetroMaintenance-2026 форумын еліміздегі ірі салалық алаңдардың біріне айналдырады. Мұнда үздік мамандар өз шеберлігін көрсетіп, тәжірибе алмасып, заманауи технологиялармен және халықаралық тәжірибемен таныса алады. 📅 16 қыркүйек 2026 жыл 📍 Атырау қаласы 📌 IV Халықаралық PetroMaintenance-2026 форумы аясында 📥 Қатысуға өтінім қабылдау басталды: [https://forms.yandex.ru/cloud/6a436c84493639f9cbf7ca52](https://forms.yandex.ru/cloud/6a436c84493639f9cbf7ca52) ☎️ +7 7122 206 220 📱 +7 702 820 89 20 📱 +7 701 180 02 80 📱 +7 701 777 83 24 📱 +7 702 516 87 88

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиястың Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі

    28 августа 2026 года в 11.00 часов (Конаев 5/1, здание Alatau HUB) состоится встреча вице-министра энергетики Бакытжана Ильяса с населением Алматинской области. Приглашаем граждан принять активное участие и лично задать вопросы вице-министру энергетики.

    28 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ТМД, Орталық Азия және Қытайдан шамамен 100 компания Астанада өтетін GAZTHERM EXPO 2026 көрмесіне қатысады

    2026 жылғы 25 - 27 тамыз аралығында Астана қаласында GasTherm Expo 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Газбен жабдықтау, жылумен қамту, сумен жабдықтау және инженерлік инфрақұрылым салаларына арналған бұл іс-шара өңірдегі жетекші салалық алаңдардың бірі болмақ. Көрмеге ТМД елдері, Орталық Азия мемлекеттері және Қытайдан шамамен 100 компанияның қатысуы жоспарланған. Қатысушылар коммуналдық және өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуға арналған заманауи технологиялар мен жабдықтарды, инженерлік шешімдер мен сервистік қызметтерді ұсынады. Бүгінгі таңда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, энергия тиімділігін арттыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сенімділігін күшейту мәселелері елдердің тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. Осы тұрғыда GasTherm Expo 2026 мемлекет, бизнес және салалық қауымдастық арасындағы кәсіби диалог алаңы ретінде қалыптасып отыр. Көрменің негізгі бағыттарының бірі - газ саласын дамыту. Қатысушылар газификация жобаларын іске асыру, газ тарату желілерін жаңғырту, қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру, газды тасымалдау және сақтау технологияларын дамыту, сондай-ақ газбен жабдықтау инфрақұрылымының сенімділігін арттыру мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар көрме аясында жылумен қамту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, климаттық технологиялар, құбыр желілері, автоматтандыру және инженерлік инфрақұрылымды цифрлық басқару шешімдері ұсынылады. Энергия тиімділігі, интеллектуалды басқару жүйелері және коммуналдық секторға арналған инновациялық технологияларға ерекше назар аударылады. Іскерлік бағдарламаның негізгі оқиғасы – GasTherm INTERNATIONAL Forum - Инженерлік инфрақұрылымды дамыту форумы болмақ. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, энергетикалық компаниялар, салалық қауымдастықтар, инвесторлар және халықаралық сарапшылар қатысып, инфрақұрылым саласын дамыту, газификация, коммуналдық желілерді жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылайды. Көрме аясында алғаш рет GasTherm Awards 2026 кәсіби салалық марапаты өткізіледі. Марапат нақты іске асқан және инфрақұрылымның дамуына мол нәтиже әкелген жобалар мен мамандарды бағалауға бағытталған. Жеңімпаздар инфрақұрылымдық жобалар, желілерді жаңғырту, газификация, цифрландыру, қауіпсіздік және инженерлік саладағы жетістіктер номинациялары бойынша анықталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық қатысушылар құрамы Қазақстанның Орталық Азиядағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту орталығы ретіндегі рөлін күшейтеді. GasTherm Expo 2026 тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды таныстыру, іскерлік байланыстар орнату және бірлескен жобаларды дамытуға арналған маңызды кәсіби платформа болмақ. Қатысу туралы Көрмеге, форумға және марапат номинацияларына қатысу шарттары туралы толық ақпарат: https://gastherm.kz БАҚ үшін байланыс Аккредитация, сұхбат және ақпараттық серіктестік бойынша: Жансұлу Садыкова, GasTherm Expo 2026 PR-директоры, +7 777 645 46 35

    25 тамыз 2026 ж. – 27 тамыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектісін салу кезінде энергия жинақтау жүйесін орнату қажет пе?

    Жауап

    Электр энергиясын жинақтау жүйесін орнату барлық жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілері үшін міндетті емес, ол тиісті аукциондық сауда-саттық түрінің талаптары мен заңнамада белгіленген жағдайларда міндетті болып табылады. «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының 1-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттық электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жабдықталған жаңа ЖЭК объектілерін салу жобаларын іріктеу үшін де өткізілуі мүмкін. Бұл ретте Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 28-тармағында еркін аукциондық сауда-саттықтар үшін арнайы талап белгіленген: жел және күн электр станциялары электр энергиясын сақтау жүйелерімен жабдықталуға тиіс. Жел электр станциялары үшін жүйенің қуаты объектінің белгіленген қуатының кемінде 30 пайызын құрауға, ал сыйымдылығы қуатты кемінде 2 сағат бойы беруді қамтамасыз етуге тиіс. Күн электр станциялары үшін жүйенің қуаты да белгіленген қуаттың кемінде 30 пайызын құрауға, ал сыйымдылығы қуатты кемінде 4 сағат бойы беруді қамтамасыз етуге тиіс. Сақтау жүйесін пайдалану мерзімі электр энергиясын сатып алу шартының қолданылу мерзіміне сәйкес болуы керек.

    Сұрақ

    Мұнай беру графигі ненің негізінде әзірленеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген «Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының 3- тармағына сәйкес, мұнай беру графигі (бұдан әрі – график) жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері (олар болған кезде), Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - өтінім), мұнайды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерінің жоспарлары мен мұнай тасымалдаушы ұйымдардың техникалық мүмкіндіктері, жер қойнауын пайдаланушылардың жобалау құжаттарында көзделген мұнай өндіру көлемі негізінде әзірленеді. Қағаз және (немесе) электрондық түрдегі график мынадай ретпен әзірленеді. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін көлемдерді бөлу, бұдан әрі көлемді қалдық қағидат бойынша экспорттық маршруттарға бөлу. График осы тармақтың бірінші бөлігінде және Қағидалардың 4, 5, 6 және 15-тармақтарында көрсетілген шарттарды ескере отырып, ақпараттық жүйеде әзірленеді. Ақпараттық жүйе техникалық ақауларға байланысты және (немесе) істен шығуы жағдайларында график қағаз түрінде әзірленеді, бұл ретте график қағаз түрінде қайталанады және электрондық түрде бірдей күшке ие болады.

    Сұрақ

    Мұнай беру графигі қай уақытта жасалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығымен бекітілген «Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының 11-тармағына сәйкес, графиктер ай сайын, есепті айдың алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірмей қалыптастырылады және бекітіледі. Бұл ретте графиктер келесі реттілікпен әзірленеді. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін көлемдерді бөлу, бұдан әрі қалдық қағидаты бойынша экспорттық бағыттарға көлемдерді бөлу. Графиктер ақпараттық жүйеде қалыптастырылады.

    Сұрақ

    Күн электр станциясы өндірген электр энергиясының артығын сатуға бола ма?

    Жауап

    Иә. Нетто-тұтынушы шағын ауқымды жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектісі өндірген, өзінің тұтыну көлемінен асатын электр энергиясын заңнамада белгіленген тәртіппен сата алады. ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығымен бекітілген Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларының 4-тармағына сәйкес шағын ауқымды объектіні қосу және артық электр энергиясын сату үшін нетто-тұтынушы қосылуға дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарға хабарлама ұсынады. Қағидалардың 11-тармағына сәйкес нетто-тұтынушы желіден тұтынған электр энергиясы үшін өзі желіге берген электр энергиясының көлемін ескере отырып ақы төлейді. Егер есептік кезеңде желіге берілген электр энергиясының көлемі желіден тұтынылған электр энергиясының көлемінен асып кетсе, энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыға артық көлем үшін оның шекті бағасы бойынша ақы төлейді. Қағидалардың 12-тармағына сәйкес артық көлем үшін төлем жеткізу жүзеге асырылған есептік айдан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде көзделген құжаттар негізінде жүргізіледі.

    Сұрақ

    Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектісін өз қажеттілігі үшін салуға бола ма?

    Жауап

    Иә. Заңнама шағын ауқымды ЖЭК объектісін нетто-тұтыну режимінде пайдалануға мүмкіндік береді. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының 1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес шағын ауқымды объект — жалпы белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейін қоса алғанда болатын объект. Заңның 1-бабы 13) тармақшасына сәйкес нетто-тұтынушы — өзіне тиесілі, тарату желісіне қосылған және бөлек есепке алу құралымен жабдықталған шағын ауқымды объектіден энергия өндіру арқылы өзінің энергияға деген қажеттілігін толық немесе ішінара қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға. Мұндай объектілерді қосу және пайдалану тәртібі ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 349 бұйрығымен белгіленген. Аталған Қағидалардың 4-тармағына сәйкес қосылуға арналған техникалық шарттар нетто-тұтынушының хабарламасы негізінде беріледі. Бұл ретте техникалық шарттардың қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.

    Сұрақ

    ЖЭК жобалары бойынша аукционға қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтінім беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыда тіркелуге, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидаларда бұдан әрі – Қаидалар) көзделген құжаттар мен өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуға, ұйымдастырушымен шарт жасасуға және оның қызметтеріне ақы төлеуге тиіс. Белгіленген талаптар орындалғаннан кейін өтінім берушіге аукциондық сауда-саттыққа қатысушы мәртебесі беріледі. Қағидаларының 9–12-тармақтарына сәйкес құжаттарды қабылдау және тіркеу кестеде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады. 499 МВт-қа дейінгі жобалар үшін біліктілік құжаттарының тізбесі Қағидалардың 29-тармағында, 499 МВт-тан жоғары жобалар үшін 30-тармағында белгіленген. Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жобаларды іріктеу және аукциондық бағаларды айқындау аукциондық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Аукциондық баға сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалады және тиісті шекті аукциондық бағадан аспайды. Аукциондық сауда-саттықтың түрлері Қағидалардың 5-тармағында белгіленген.

    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қазан жағдайы бойынша қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    ҚР көмірсутектер кен орындары бойынша базалық жобалық құжаттарына және талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілік іріктеуден өткізу туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Хабарлама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының құзыретті органы ретінде, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукцион жариялайды

    Жарияланды:
    Бұйрық

    "Шартты тұтынушылар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 316-н/қ бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    Жарияланды:
    Есеп

    Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп 2026 жылғы 3 тоқсан бойынша

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Үкіметтің 2025-2026 жылдарға арналған Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өту барысы туралы ақпарат 2026 жылғы 23 қазандағы жағдайы бойынша

    Жарияланды: