Ақылды каскалар: Алматының электр желілерінде экшн-камералар енгізілді

    Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

    «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілерінде жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында экшн-камераларды енгізуде.

    2024 жылы пилоттық жоба аясында алғашқы экшн-камераларды пайдалана бастады. Бүгінгі таңда олардың жалпы саны 268-ге дейін жетті.

    Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр желілері аудандарының (ЭТА) барлық жедел-көшпелі бригадалары ақылды каскалармен жабдықталған. Шеберлер бригадаларын жабдықтау жұмыстары жалғасуда.

    Камералар қауіпсіздік талаптарының сақталуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. ЭТА басшылары, диспетчерлер және еңбекті қорғау мамандары ықтимал қауіп-қатерлерді жедел анықтап, қажет болған жағдайда жұмыстарды тоқтатуды талап ете алады. Сонымен қатар бейнежазбалар тұрақты түрде талданып, анықталған бұзушылықтар бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және қосымша нұсқамалар беріледі.

    Экшн-камераларды енгізу еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге, қауіпті жағдайларды уақтылы анықтауға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдауға көмектеседі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" жаңалықтары