Қамбарата-1 су электр станциясы жобасы бойынша техникалық кездесу өтті

    1 / 3

    Ыстанбұл қаласында Дүниежүзілік банктің қолдауымен Қырғыз Республикасы, Қазақстан және Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен Камбарата-1 су электр станциясын салу жобасы бойынша техникалық кездесу өтті.

    Келіссөздерге Қазақстан тарапынан Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев пен Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев қатысты.

    Кездесу барысында Қырғыз Республикасындағы Нарын өзенінде қуаты 1 860 МВт болатын Қамбарата-1 су электр станциясын салу жобасын іске асырудың алдағы қадамдары талқыланды. Жоба үш мемлекеттің үкіметтерімен бірлесіп жүзеге асырылуда және өңірлік су-энергетикалық ынтымақтастықты дамытуда стратегиялық маңызға ие.

    Тараптар жобаны іске асыруға қатысты негізгі техникалық мәселелерді қарастырып, бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

    Қамбарата-1 су электр станциясын іске асыру Орталық Азияның энергетикалық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ энергетика және су ресурстарын ұтымды пайдалану салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосады.

    Өткен кездесу Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның өңірдің су-энергетика секторын орнықты дамытуға бағытталған бірлескен жобаны ілгерілету жолындағы өзара іс-қимылының кезекті маңызды кезеңі болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" жаңалықтары