«ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚАРАУСЫЗ ЖҮРГЕН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ» РЕЙДТІК ІС-ШАРАСЫ

    2026 жылғы 31 қазан мен 3 қараша аралығында Шалқар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қараусыз жүрген үй жануарларының қатысуымен орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында «Жол бойындағы қараусыз жүрген үй жануарлары» атты рейдтік-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

    Іс-шара барысында автожолдардың бойында қараусыз жүрген малдарды анықтау, мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу және үй жануарларын қараусыз жібермеу қажеттілігі ескертіледі.

    Құрметті мал иелері! Үй жануарларын қараусыз қалдырмай, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырамыз!

    Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

    #ШалқарПолициясы #ЖолҚауіпсіздігі #РейдтікІсШара #ЗаңЖәнеТәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары