Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектісін өз қажеттілігі үшін салуға бола ма?
Иә. Заңнама шағын ауқымды ЖЭК объектісін нетто-тұтыну режимінде пайдалануға мүмкіндік береді.
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының 1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес шағын ауқымды объект — жалпы белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейін қоса алғанда болатын объект. Заңның 1-бабы 13) тармақшасына сәйкес нетто-тұтынушы — өзіне тиесілі, тарату желісіне қосылған және бөлек есепке алу құралымен жабдықталған шағын ауқымды объектіден энергия өндіру арқылы өзінің энергияға деген қажеттілігін толық немесе ішінара қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға.
Мұндай объектілерді қосу және пайдалану тәртібі ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 349 бұйрығымен белгіленген. Аталған Қағидалардың 4-тармағына сәйкес қосылуға арналған техникалық шарттар нетто-тұтынушының хабарламасы негізінде беріледі. Бұл ретте техникалық шарттардың қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.