Мұнай өнімдерін көтерме саудада беру жөніндегі қызметті бастау үшін не істеу қажет?
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін көтерме саудада берушілер мұнай өнімдерін көтерме саудада беруге байланысты қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін бұл туралы мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Уәкілетт орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады.
Хабарлама www.elictnse.kz электрондық платформа арқылы ұсынылады.
Хабарлама Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.