Мұнайды және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары қандай мақсатта бекітіледі?
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін алдағы күнтізбелік жылға арналған мұнайды және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарын мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Мұнайды және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары мұнай өнімдерін өндірушілердің қуаттарын барынша жүктеуді және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында бекітіледі.