Қысқы кезеңге дайындықты тексеру

    1 / 9

    Ақмола облысының Қорғалжын ауданында төтенше жағдайлар, коммуналдық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының қысқы кезеңдегі іс-қимылдарға дайындығын тексеру мақсатында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.
    Оқу-жаттығу барысында Қорғалжын – Аршалы – Сабынды автожолында орын алған жол-көлік оқиғасының салдарын жою, Қорғалжын – Астана тасжолындағы қар құрсауында қалған адамдарды құтқару, сондай-ақ аудандық қазандықтағы авариялық жағдай кезінде өртті сөндіру және жарылу қаупінің алдын алу бойынша практикалық тапсырмалар пысықталды.
    Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша азаматтық қорғау қызметтері өзара іс-қимылдың үйлесімділігін, жеделдігін және қысқы кезеңде қойылған міндеттерді орындауға дайындығын көрсетті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары