Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің 95 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өртке қарсы құтқару - даярлық орталығы ашылды.
Жаңа орталық болашақ құтқарушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Орталық құрамында оқу-жаттығу өрт сөндіру депосы, апаттар медицинасы және өрт тактикасы кабинеттері бар. Депо өрт-техникалық жарақтармен, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекетімен, авариялық-құтқару жабдықтарымен және өрт сөндіру автоцистернасымен жабдықталған.
Іс-шара барысында студенттер өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, биіктікте құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ Б. Момышұлы атындағы мектептің кадет сыныбы оқушыларына алғашқы көмек көрсету және жүрек-өкпе реанимациясын жасау тәсілдері таныстырылды.
Кәсіби білікті мамандар даярлау – азаматтық қорғау жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі. Жаңа орталықтың ашылуы болашақ құтқарушылардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп, оларды қызмет барысында кездесетін түрлі төтенше жағдайларға дұрыс әрекет етуге даярлауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









