Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық қан орталығында «Донор күні» акциясы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – донорлық қозғалысты қолдау, қан қорын толықтыру және қанға мұқтаж науқастарға көмек көрсетуге үлес қосу.
Акцияға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері белсенді қатысып, ерікті түрде қан тапсырды. Олар өздерінің азаматтық жауапкершілігін танытып, игі іске атсалысты.
Донор болу – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды әрі ізгі қадам. Бір адамның тапсырған қаны бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайтып, ерікті донорлық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті донорлық акцияға қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс білдіреді!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









