1 / 14
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Агенттіктің мемлекеттік аппараттың сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары аясында Мақтаарал ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтардың өтініштері мен сұраныстарына жедел ден қою, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қызмет алушылар арасындағы тиімді байланысты нығайту.
Бұл жолғы «Қызмет алушылар күні» тұрғын үй мәселелеріне арналды. Ауданның дербес бөлімдері орналасқан ғимараттағы фронт-офисте тұрғындарды қабылдау ұйымдастырылып, азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғын үй жағдайын жақсарту, тұрғын үй бағдарламалары мен тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысты мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Атап айтқанда, тұрғындарды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары мен «Отбасы банк» АҚ-ның Мақтаарал аудандық филиалының қызметкерлері қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан тиісті түсініктемелер мен практикалық кеңестер алды. Мамандар тұрғын үйге қатысты мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, өтініш беру жолдары, тұрғын үй кезегіне қатысты өзекті мәселелер және банк ұсынатын тұрғын үй жинақ өнімдері мен бағдарламалары жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, тұрғындардың жеке өтініштері назарға алынып, олардың мәселелерін қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары түсіндірілді. Қажет болған жағдайда азаматтарға тиісті мемлекеттік қызметтерді алу бойынша бағыт-бағдар көрсетіліп, жауапты мамандар тарапынан нақты кеңестер ұсынылды.
Айта кетейік, мұндай форматтағы кездесулердің басты ерекшелігі – тұрғындардың бірнеше мекемені аралап, уақыт жоғалтпай-ақ, өзекті мәселелері бойынша қажетті мамандардан бір жерде кеңес алуына мүмкіндік жасалуы. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың уақытын үнемдеуге, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









