Көңіл көтеру шектен шыққанда: Өскемендегі полицияға ең көп шақырту түскен ТОП-5 орын
Қаладағы кешкі демалыс – достармен кездесу, музыка, би және жақсы көңіл күй. Алайда кейде көңіл көтеру барысында полицияның араласуын қажет ететін жағдайлар да туындайды.
2026 жылдың он айында Өскемен қаласындағы ойын-сауық орындарынан «102» арнасына түскен қоңыраулар статистикасын зерделедік. Осы кезеңде барлығы 1 080 қоңырау тіркелген.
«102» арнасына ең көп хабарласқан бес мекеме:
«Bike Club» түнгі клубы – 50 қоңырау.
«Сибинка» кафесі – 45 қоңырау.
«Soprano» караоке-бары – 36 қоңырау.
«Салют» ресто-бары – 33 қоңырау.
«Bavaria» бары – 32 қоңырау.
Өкен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда полицияға түскен хабарламалар саны 1,5 есеге азайғанын атап өту қажет.
Бұл ретте қоңыраулар саны әр жағдайда құқық бұзушылық жасалды немесе орын алған жағдайға мекеменің өзі жауапты дегенді білдірмейді. Әрбір хабарламаның артында тексеруді және тиісті ден қоюды қажет ететін жеке жағдай тұруы мүмкін.
Полиция қоғамдық тәртіп тек көшелерде ғана емес, жаппай демалыс орындарында да сақталуы тиіс екенін еске салады. Мекеме әкімшілігі жанжал жағдайларына дер кезінде назар аударуы керек, ал келушілер демалыс кезінде де әркім өз әрекеті үшін жауапты екенін ұмытпағаны жөн.
Егер құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз немесе көмек қажет болса, 102 нөміріне хабарласыңыз.
Демалыс көңілді өтсін, ал қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









