Аулада ішімдік ішкен ШҚО-ның үш тұрғыны жауапкершілікке тартылды
Өскемен қаласындағы Алматинская көшесіндегі тұрғын үй ауласында екі жергілікті тұрғын ішімдік ішіп отырған. 43 жастағы ер адам сыра ішсе, 49 жастағы танысы арақ ішкен. Тағы бір жағдай Добролюбов көшесіндегі балалар алаңында тіркелді. Онда 35 жастағы ер адам алкогольдік ішімдік ішкен.
Аталған үш деректің барлығы полиция назарына іліккен. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция тұрғын үйлердің аулалары, балалар және спорт алаңдары – ересектер мен балалар ортақ пайдаланатын қоғамдық орындар екенін еске салады. Мұндай жерлерде ішімдік ішуге жол берілмейді. Бұл тұрғындардың тыныштығын бұзып қана қоймай, балаларға да кері әсер етеді.
Айналадағы адамдарға құрмет көрсету – ортақ кеңістікті ішімдік ішетін орынға айналдырмаудан басталады. Мұндай құқық бұзушылық үшін заңда әкімшілік жауапкершілік көзделген.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









