«Таза Қазақстан»: ШҚО-да бір апта ішінде абаттандыру қағидаларын бұзудың 75 дерегі тіркелді
Шығыс Қазақстан облысында тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. 3-9 қараша аралығында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, 75 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Оның 62-сі ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабында көзделген абаттандыру қағидаларын бұзу деректері болса, тағы 13 жағдайда ортақ пайдаланылатын орындардың ластануы тіркелді.
Есепті кезеңде рұқсат етілмеген бес қоқыс орны анықталып, оның төртеуі жойылды. Құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғаларға ұсыныстар жолданды.
Тіркелген деректердің қатарында қоғамдық орындарға темекі тұқылын тастау және тұрғын үй ауласында шекілдеуік қабығын шашу фактілері бар. Барлық жағдай бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шығыс Қазақстан облысының
Полиция департаменті тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамауға, абаттандыру қағидаларын сақтауға және қоғамдық орындарды ластамауға шақырады.
Тазалық әрқайсымыздан басталады. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









