Жастарды есірткі қаупінен қорғау: ШҚО полициясы студенттік жатақханаларда рейдтер өткізуде

    1 / 5

    Жастарды есірткі қаупінен қорғау: ШҚО полициясы студенттік жатақханаларда рейдтер өткізуде

    Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері есірткі қылмыстарының алдын алу және жастардың заңсыз есірткі айналымына тартылуына жол бермеу мақсатында студенттік жатақханаларда тұрақты түрде профилактикалық рейдтер жүргізеді.

    Кезекті рейд Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінің № 1 жатақханасында өтті. ШҚО ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Облыстық жастар ресурстық орталығы мен Кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп, студенттермен кездесті.

    Жастарға есірткіні тұтыну мен таратудың салдары, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ оңай табыс табу сылтауымен есірткі бизнесіне тартудың кең таралған тәсілдері түсіндірілді.

    Мұндай рейдтердің басты мақсаты – қылмыстардың алдын алу, ықтимал қауіп-қатерлер туралы дер кезінде ескерту және жастардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

    ШҚО полициясы студенттерді қырағы болуға, оңай табыс табуға қатысты күмәнді ұсыныстарға сенбеуге, тыйым салынған заттарды таратуға келіспеуге және осындай фактілерге бейжай қарамауға шақырады.

    Естеріңізде болсын: ойланбай жасалған бір әрекеттің салдары тым ауыр болуы мүмкін.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары