Мәдениеттілік – қалаға деген құрметтен басталады
Өскемен қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды ластаудың екі дерегін тіркеді. Қазақстан көшесінде ер адам тұрғын үй ауласындағы орындықтың жанында шекілдеуік қабығын жерге тастаған. Осындай тағы бір жағдай Сәтпаев даңғылында тіркелді.
Аталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы - ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция қала тазалығы мен тәртібі тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, тұрғындардың жауапкершілігі мен саналылығына да байланысты екенін еске салады. Қоғамдық орындардың тазалығын тек өзгелер қадағалауы тиіс деп ойлауға болмайды.
Айналаға құрмет қарапайым әрекеттерден басталады: қоқыс тастамау, абаттандыру қағидаларын сақтау және ортақ мүлікке ұқыпты қарау.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









