Анықтаушының бір күні – жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызмет

    1 / 2

    Анықтаушының бір күні – жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызмет

    Анықтаушының жұмысы мұқияттылықты, кәсібилікті және жоғары жауапкершілікті талап етеді. Іс материалдарын зерделеу, дәлелдерді тексеру, мән-жайларды талдау және заң аясында шешім қабылдау – күнделікті қызметтің ажырамас бөлігі.

    Өскемен қаласы Полиция басқармасы Анықтау бөлімінің анықтаушысы, полиция лейтенанты Чукеева Сағыныш Ерболқызы үшін заңдылықты сақтау, әділдікке ұмтылу және қызметтік міндеттерін адал атқару – басты кәсіби қағидаттар.

    Ол ішкі істер органдарындағы қызметін биылғы жылдың қыркүйек айында бастаған. Сол уақыт аралығында оның өндірісінде 17 қылмыстық іс болған. Олардың әрқайсысы мұқият зерделеуді, мән-жайларды жан-жақты тексеруді және материалдармен тыңғылықты жұмыс жүргізуді талап етті.

    Әрбір істің артында оқиғаның шынайы мән-жайын анықтау, маңызды деректерді саралау және қабылданған процестік шешімдер үшін жауапкершілік тұр.

    Анықтаушының жұмысы асығыстық пен үстірт қарауды көтермейді. Бұл қызмет табандылықты, төзімділікті және ұстамдылықты қажет етеді. Өйткені әрбір істің артында адам тағдыры тұр.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары