Қазақстан Люблянада өткен 36-халықаралық конференцияда архивтерді цифрлық трансформациялау тәжірибесін таныстырды

    1 / 3

    2026 жылғы 9 қараша, Любляна қаласы– Қазақстан Республикасының Президенті архивінің директорыӘлия Мұстафина мен Қазақстанның Словениядағы Елшісі АлтайӘбибуллаев бастаған Қазақстан делегациясы «Халықаралық архив күндері» форумына қатысты.

    Іс-шараны Триест және Марибор халықаралық архивтану институты (IIAS) Словения Республикасының Мәдениет министрлігімен,AlmaMaterEuropaeaуниверситетімен, Еуропалық Одақтың Тарихи архивімен, Италияның Архивтер жөніндегі бас дирекциясымен және Словения архившілер қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды.

    Конференцияның ашылу салтанатына Словенияның Мәдениет министрі Игнация Фридл Ярц,IIASдиректоры Петер Павел Класинц, Еуропалық Одақтың Тарихи архивінің директоры Дитер Шленкер, Словения архившілер қоғамының президенті Аня Прша және халықаралық архив саласының басқа да өкілдері қатысты. Форум жұмысына Германия, Польша, Румыния, Словения, АҚШ және басқа да елдердің архив мекемелерінің басшылары, ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

    Халықаралық форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Елшішетелдік аудиторияныҚРПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы қазан айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Ол өз сөзінде ел дамуының стратегиялық басымдықтарына, жаңғырту үдерістеріне, цифрлық трансформацияға және жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударды.

    Елші Қазақстан үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мемлекеттік және қоғамдық үдерістердің тиімділігін арттыру құралы ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми, зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайтудың маңызды ресурсы екенін атап өтті. Сондай-ақ ұлттық құжаттық мұраны сақтау, тарихи дереккөздердің шынайылығын қамтамасыз ету және білімге қолжетімділікті кеңейтудегі заманауи технологиялардың маңыздылығына тоқталды.

    Конференция аясындаӘлия Мұстафина архивтердің цифрлық экожүйесін қалыптастырудағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, архив саласында жасанды интеллектіні қолданудың практикалық мүмкіндіктерін көрсетті. Баяндама шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді. Цифрлық технологиялардың архив жұмысының тиімділігін арттырумен қатар, тарихи жадты сақтауға, дереккөздердің шынайылығын қамтамасыз етуге және тарихи мұраны келер ұрпаққа қолжетімді етуге бағытталғаны атап өтілді.

    Форумды ұйымдастыруда және Қазақстан мен Словения арасындағы кәсіби диалогты нығайтудаAlmaMaterEuropaeaуниверситетінің ректоры, профессор Людвик Топлактың рөлі ерекше болды. Қазақстан делегациясының форумға қатысуының маңыздылығы атап өтіліп, екі ел арасындағы академиялық, ғылыми және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға басымдық берілді.

    Айта кету керек,AlmaMaterEuropaeaуниверситеті Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің серіктесі болып табылады. Сонымен қатар аталған университет Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары