ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН — ЖЫЛ БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚ

    1 / 8

    Бүгін Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында өңірдің туристік саласын дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындайтын 2026–2035 жылдарға арналған мастер-жоспар талқыланды.

    Мастер-жоспар 4 кластерге біріктірілген 6 негізгі туристік аумақты дамытуды көздейді: Катонқарағай, Риддер, Бұқтырма, Марқакөл-Зайсан, Өскемен қаласы мен оның маңы, сондай-ақ Үлкен Нарын.

    Басты міндет — туризмді маусымдық сипаттан жыл бойы жұмыс істейтін модельге көшіру, тау, су, сауықтыру, іскерлік, өнеркәсіптік және ауылдық туризмді дамыту.

    Болашағы зор бастамалардың қатарында:
    ▪️ Риддер қаласында орнитологиялық фестиваль өткізу;
    ▪️ Катонқарағайда қар барысын бақылау турларын ұйымдастыру;
    ▪️ Бұқтырманың туристік әлеуетін ашу;
    ▪️ Үлкен Нарын ауданында қысқы балық аулауды дамыту бар.

    Сондай-ақ ыңғайлы логистика, жайлы орналастыру орындары, сапалы тамақтану, экскурсиялық бағдарламалар мен жоғары деңгейдегі сервисті қамтитын толыққанды туристік өнімдерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

    Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық алаңдарды дайындау, кадрлық әлеуетті арттыру, цифрлық сервистерді енгізу және Visit East Kazakhstan бірыңғай туристік брендін ілгерілету қажет.

    Кеңес қорытындысы бойынша бейінді басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне жоспарлаудан нақты жобаларды іске асыруға көшу тапсырылды. Әрбір бағыт бойынша жауапты орындаушылар, мерзімдер мен нақты көрсеткіштер айқындалуы тиіс. Басым міндеттердің қатарында маусымаралық туризмді дамыту және инфрақұрылымдық кедергілерді жою бар.

    Біздің мақсатымыз — Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін сұранысқа ие туристік өнімдерге айналдыру, инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен табыс табу мүмкіндіктерін кеңейту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасы" жаңалықтары