Облыс әкімдігінің ғимаратында инвестициялық жобаларды іске асырудың практикалық мәселелеріне және инвесторлардың құқықтарын қорғауға арналған оқыту семинары өтті.
Кездесудің басты тақырыбы Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның (ҰРИП) жұмысы болды. Бұл платформа — жобаларды сүйемелдеуге және инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына арналған бірыңғай құрал.
Күн тәртібі шеңберінде қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды:
Инвестициялық жобаларды Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға (ҰРИП) енгізу тәртібі
Баяндамашы: Туризм және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Л.Қ. Кенжетаева. Ол мәліметтерді енгізу алгоритмін және жобаларды цифрлық сүйемелдеудің артықшылықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау
Баяндамашы: Өскемен қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы З.А. Лутфуллин. Өз сөзінде ол кәсіпкерлерді құқықтық қорғаудың негізгі механизмдері мен инвесторлар құқықтарының бұзылуын алдын алу әдістерін баяндады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









