«Заң мен тәртіп» - Шығыс Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының негізі

    Заңдылық пен ашықтық — инвестиция тартудың шарттары

    Заңнаманың дәйекті сақталуы және іскерлік қатынастардың ашықтығы қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

    Туристік инфрақұрылымды дамыту, жаңа орналастыру нысандарын ашу, экскурсиялық маршруттарды ұйымдастыру және заманауи сервистерді енгізу кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға қосымша мүмкіндіктер ашады.

    «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету сенімге, жауапкершілікке және нарық қатысушыларының құқықтарын сақтауға негізделген іскерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл әсіресе Шығыс Қазақстан облысының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру үшін маңызды.

    Ортақ міндет — қауіпсіз әрі тартымды өңір қалыптастыру

    «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың, өңір тұрғындары мен қонақтарының бірлескен күш-жігерін талап етеді.

    Шығыс Қазақстан облысыныңтуризм және инвестиция басқармасы туризм саласының тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде заңдылық қағидаттарын, қоғамдық жауапкершілікті және туристік ресурстарға ұқыпты қарауды ілгерілетуді қолдайды.

    Заң мен тәртіп — бұл белгіленген ережелерді сақтау ғана емес, сонымен қатар өзара құрмет, сенім және жауапкершілік мәдениеті. Қауіпсіз орта қалыптастыра отырып, біз Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін нығайтып, инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасаймыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасы" жаңалықтары