ШҚО-да жалпы инвестиция көлемі 115 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба қаралды

    1 / 4

    2026 жылғы 13 қазанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті.

    Отырыс барысында Жалпыұлттық инвестициялық пулды өзектендіру және өңірде іске асыру жоспарланып отырған жаңа жобаларды оған енгізу мәселелері қаралды.

    Инвесторлар ұсынған жобалар экономиканың бірқатар негізгі салаларын қамтиды.

    Энергетика. Катонқарағай ауданында төрт шағын су электр станциясын салу жоспарлануда.

    Өнеркәсіп және құрылыс материалдарын өндіру. Алтай ауданында құрғақ тәсілмен клинкер өндіретін өндірістік желіні салу жобасы ұсынылды.

    Тамақ өнеркәсібі. Өскемен қаласында ұн тарту кешенін реконструкциялау, сондай-ақ Күршім ауданында балық өнімдерін өңдеу және балық шабақтарын өсіру өндірісін дамыту жобалары қаралды.

    Қойма инфрақұрылымы. Өскемен қаласында дайын ұн өнімдерін сақтауға арналған заманауи қойма салу жоспарлануда.

    Мұнай-газ саласы. Зайсан ауданындағы Сарыбұлақ кен орнының пермь шөгінділеріндегі мұнай қорларын игеру және өндіру жобасы таныстырылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша ШҚО Туризм және инвестициялар басқармасына салалық басқармалармен және қала мен аудан әкімдіктерімен бірлесіп, инвесторлармен жобалардың жол карталарын пысықтау және оларды инвестициялық пулға енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасы" жаңалықтары