Шығыс Қазақстан облысы инвестициялар тарту бойынша жұмысты жалғастыруда

    1 / 14

    2026 жылғы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.

    Отырыс барысында инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру және инвестициялық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Өңірдің инвестициялық көрсеткіштері

    2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 511 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,6%-ға жетті.

    Өңірдің инвестициялық портфеліне жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын 103 жоба енгізілген. Оларды іске асыру нәтижесінде 12 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген.

    Инвестициялық портфельдің салалық құрылымында энергетика, туризм, тау-кен металлургиясы және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы жобалар елеулі үлеске ие.

    2026 жылы өңірде жалпы құны 30 млрд теңге болатын 16 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.

    Инвестициялық әлеуетті дамыту

    Шығыс Қазақстан облысында отандық және шетелдік инвестициялар тарту, бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде сүйемелдеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

    Экономиканың басым салаларын дамытуға, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылады.

    Шығыс Қазақстан облысының Туризм және инвестициялар басқармасы өңірдің инвестициялық әлеуетін ілгерілету, әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау және туризм саласын қоса алғанда, перспективалық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасы" жаңалықтары