Бүгін Ұлан ауданының Таврическое ауылында болашақ жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.
Инвестициялық жобаны «ALTAY QUS» ЖШС жүзеге асыруда. Салынатын инвестицияның жалпы көлемі 5,5 млрд теңгені құрайды, 150 жұмыс орны ашылады.
Кәсіпорын 480 мың бас құс ұстауға есептелген. Жобалық қуатына шыққаннан кейін мұнда жылына 150 млн данаға дейін тағамдық жұмыртқа және 400 тонна құс етін өндіру жоспарлануда.
Жаңа инвестициялық жобаны іске асыру облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосылған маңызды үлес болмақ.
Бұл оқиғаның еңбегі өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететін жандардың кәсіби мерекесіне орайластырылуы кездейсоқ емес.
Жалпы алғанда, агроөнеркәсіптік кешен Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық портфелінде елеулі орын алады. Бүгінгі таңда бұл салада жалпы сомасы 118 млрд теңгені құрайтын 29 инвестициялық жоба бар. Бұл өңірлік инвестициялық портфельдің салалық бағыттары арасындағы жобалардың ең көп саны болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









