Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасы
Басқарма туралы
Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестициялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы өңір аумағында туризмді дамыту, инвестициялар тарту және сыртқы байланыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыру болып табылады. Басқарма қызметі қолайлы инвестициялық климат құруға, туристік ресурстарды дамытуға бағытталған. Миссияның маңызды аспектісі халықаралық байланыстарды дамытумен қатар ішкі және халықаралық нарықтарда облыстың туристік әлеуетін ілгерілетудің тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Инвестициялық бағыт шеңберінде миссия отандық және шетелдік инвестицияларды белсенді тартудан, өңірдің жалпы инвестициялық тартымдылығын арттырудан және бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасаудан тұрады, бұл жиынтығында жаңа жұмыс орындарын құруға және туристік индустрияны дамыту есебінен мемлекет кірістерін ұлғайтуға ықпал етеді.
2026 жылғы 8–10 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында ауқымды халықаралық спорттық-мәдени іс-шара – құсбегіліктен I Азия кубогы «Шығыс Салбурыны – 2026» өтеді. Іс-шара Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылдық округінің аумағында ұйымдастырылады («Бүркіт төбе» алаңы). Турнир көшпелі өркениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерін жаңғыртуға, сақтауға және кеңінен насихаттауға, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған. Жарысқа кәсіби бүркітшілер мен сұңқаршылар қатысып, жыртқыш құстарды баптау және басқару шеберліктерін көрсетеді. Жарысқа Қазақстан, Мажарстан, Испания, Грузия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан кәсіби бүркітшілер мен сұңқаршылар қатысып, жыртқыш құстарды баптау және басқару шеберлігін көрсетіп, өз елдерінің саятшылық дәстүрлерін таныстырады. Іс-шараның бағдарламасы үш күнге жоспарланған және спорттық жарыстармен қатар, көрермендерге арналған мәдени-танымдық бағдарламаны қамтиды: - 8 қазан – ұйымдастыру күні: этноауылды абаттандыру (киіз үйлерді орнату ), қатысушыларды қарсы алу және тіркеу, мандаттық комиссия отырысы және жеребе тарту рәсімі. - 9 қазан – сағат 10:00-де турнирдің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл күні іріктеу кезеңдері мен жартылай финалдық жарыстар ұйымдастырылады: жабдықтарды тексеру, бүркітті 700 метр қашықтықтан қолға шақыру, тұлыпқа (шыраға) құс салу, сондай-ақ сұңқарлар мен қаршығалар арасындағы сайыстар. - 10 қазан (Негізгі күн) – сағат 10:30-дан бастап финалдық жарыстар өтеді. Бағдарлама аясында еркін аңшылық ұйымдастырылып, бүркіттер түлкіге, ал қаршығалар мен сұңқарлар қоян мен көгершінге салынады. Құсбегілік бойынша жарыстардан бөлек, қонақтар мен қатысушылар үшін Ұлы даланың дәстүрлі спорт түрлерінен арнайы бағдарлама ұйымдастырылады. Жарыс бағдарламасы аясында: · садақ атудан жарыс; · арқан тарту; · ұлттық тұқымды тазы иттерінің жарысы. Көрсетілім бағдарламасы: · асау үйрету; · жамбы ату; · теңге ілу; · «Толағай» ұлттық сайыстары. Турнирдің жабылу салтанаты және I Азия кубогының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 10 қазан күні сағат 16:30-да өтеді. Ұйымдастырушылар республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін турнирді ақпараттық сүйемелдеуге шақырады. «Шығыс Салбурыны – 2026» Қазақстанның бай мәдени мұрасын, саятшылық дәстүрін және Шығыс Қазақстан өңірінің жоғары туристік әлеуетін танытатын халықаралық ақпараттық алаңға айналады. Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылдық округі, «Бүркіт төбе» жері. Өтетін күндері: 2026 жылғы 8–10 қазан. БАҚ өкілдері үшін байланыс:
Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестициялар басқармасы Дүниежүзілік туризм күніне орай конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін сапалы дамытып, ілгерілетіп жүрген туристік индустрияның үздік өкілдерін анықтауға және ынталандыруға бағытталған. 6 номинация: • 2026 жылғы ШҚО-ның үздік қонақ үйі • 2026 жылғы ШҚО-ның үздік демалыс базасы • 2026 жылғы ШҚО-ның үздік сауықтыру нысаны • 2026 жылғы ШҚО-ның үздік туроператоры • 2026 жылғы туризм саласындағы ШҚО-ның үздік блогері • Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін Өтінімдерді қабылдау — 2026 жылғы 21 қыркүйекке дейін. Өтінімдер тиісті номинациялар бойынша Google Forms арқылы мына сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/7dMD2M4XGSxVpywd9
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» Катонқарағай ауданында түркі әлемінің мәдени мұрасы мен өнерін тоғыстыратын халықаралық фестиваль өтеді . 2026 жылғы 10–12 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Үш күнге созылатын ауқымды мәдени шара түркі халықтарының ортақ тарихын, дәстүрін, өнері мен рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Фестиваль бағдарламасына айтыс, поэзия кештері, ұлттық спорт түрлері, аламан бәйге, этно-мәдени жобалар, қолөнер көрмелері, гастрономиялық фестивальдер және халықаралық деңгейдегі концерттік бағдарламалар енген. Фестивальдің басты ерекшелігі – Пырақ туралы қойылым . Биылғы фестивальдің негізгі тақырыбы – түркі дүниесінің қасиетті символы саналатын ақ қанатты тұлпар – Пырақ. Фестивальдің ашылу салтанатында арнайы театрландырылған хореографиялық қойылым ұсынылады. Қойылымда жылқының адамзат өркениетіндегі орны, көшпенділер мәдениетін қалыптастырудағы рөлі, Ұлы дала тарихының жылқымен байланысы және түркі халықтарының рухани дүниесіндегі қасиетті мәні көркем тілмен баяндалады. Бұл сахналық композиция көрермендерді мыңжылдықтар тереңіне жетелеп, жылқының адам өмірін өзгерткен ұлы құбылыс екенін көрсетуге бағытталған. Халықаралық гала-концерт . Фестиваль аясындағы ең ауқымды мәдени оқиға – халықаралық ГАЛА-КОНЦЕРТ болады. Концерт сахнасында Қазақстанның және түркі әлемінің танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетеді: Қазақстаннан – әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген , «Сармат» тобы ; Қарақалпақстаннан – Ербай Ниязов ; Әзербайжаннан – Эфенди ; Өзбекстаннан – Севара Хантуланова ; Қырғызстаннан – JAX (Джакс) ; Мажарстаннан – Nox тобы; Түркиядан – Мұрат Я п рак ; Башқұртстаннан – «Хазина» тобы ; Моңғолиядан – Субейди Самдум және «От» тобы ; Тыва Республикасынан – Айзана . Әлемнің әр түкпірінен жиналған өнерпаздар ортақ түркі мәдениетін дәріптеп, көрермендерге ерекше музыкалық кеш сыйлайды. Түркі әлемін біріктіретін алаң . «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі – мәдениеттер тоғысқан, бауырлас халықтарды жақындастыратын халықаралық алаң. Фестивальдің басты мақсаты – түркі халықтарының ортақ тарихи тамырын насихаттау, мәдени байланыстарды нығайту және Алтайдың туристік әлеуетін әлемге таныту. Катонқарағайдың көркем табиғаты аясында өтетін фестиваль қонақтарға ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениеттің үйлесімін сезінуге мүмкіндік береді. Алтай төрінде жүздескенше!
Ай сайын айдың бірінші онкүндігінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп өңірлік инвестициялық штаб өткізіледі. Штабтың қатысушылары мүдделі мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, облыстық прокуратураның өкілдері, "KazakhInvest"ҰК АҚ өңірлік өкілдері болып табылады. Отырыста аудандар мен қалалардың, басқарманың өкілдері және инвестициялық жобалардың өкілдері тыңдалады.
2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, ойшылы, сазгері әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Абайдың шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне жол ашып, оның терең философиялық ойлары ұлттың рухани дамуына зор ықпал етті. Ол білімге, прогреске және ынтымаққа үндеді. Абайдың «Қара сөздері» сынды туындылары бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпай, жас ұрпақты шынайылық пен үйлесімге ұмтылуға шабыттандыруда.
«ШҚО туризм басқармасы» ММ қызметінде 2025-2026 жылдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат
№ п/п Рекомендации по итогам ВАКР Мероприятие Информация об исполнении 1 2 3 4 1 Инвестицияларды тарту бөлімі уәкілетті органның, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің атына инвесторлар үшін заттай гранттар шеңберінде алдын ала келісу хаттарын ұсыну рәсімдерін цифрландыру, инвесторды сүйемелдеу алгоритмін бекіту, инвестордың қаржылық тұрақтылығы мен парасаттылығын жан-жақты тексеру үшін қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін кеңейту туралы ұсыныстар енгізсін. Инвесторлар үшін заттай гранттар шеңберінде алдын ала келісу хаттарын ұсыну рәсімдерін цифрландыру бойынша уәкілетті органның атына ұсыныстар әзірлеу ҚР Сыртқы істер министрлігіне 20.08.2026 жылғы № 3/6626-И ұсыныстарымен хат жолданды 2 Туризмді дамыту бөлімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне "туристік операторлық (туроператорлық қызметке) лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы қағидаларына лицензия алу үшін кәсіпкерлер ұсынған мәліметтерге міндетті тексеру жүргізуді регламенттейтін нормаларды қабылдау және көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін ақпараттық базаларға қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық Жасасын. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "туристік операторлық (туроператорлық қызметке) лицензия беру"мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізу туралы хат дайындасын ҚР Туризм және спорт министрлігі "туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы "ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 ж. № 79 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"салыстырмалы кесте әзірледі. 3 Туризмді дамыту бөлімі уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне талап етілетін құжаттар тізбесіне автокөлікті сатып алу кезінде бағалау туралы есепті енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс енгізсін. ҚР Туризм және спорт министрлігі хат дайындасын ҚР Туризм және спорт министрінің м. а. 31.07.2026 № 146 бұйрығына сәйкес туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізуші орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына өзгерістер енгізілді - 3-тарау, атап айтқанда: 29-тармақтың 4-тармақшасына сәйкес автокөлік құралының жасы шығарылған жылын қоса алғанда бес жылдан аспауға тиіс және бұрын кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған 4 Туризмді дамыту бөлімі уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың міндетті көшпелі тексерулер немесе СГУ жай-күйін мониторингілеу рәсімдеріне нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялаудың үлгілік шартына осы түзетулерді енгізу туралы және шартты бұзу негіздері жөнінде ұсыныс енгізсін. ҚР Туризм және спорт министрлігі хат дайындасын ағымдағы жылғы 13 қазандағы 3/8189 хатпен ҚР Туризм және спорт министрлігінің атына салыстырмалы кесте түріндегі нормативтік-құқықтық актілерге (мемлекеттік қолдау шараларының қағидаларына) өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстардың түпкілікті жиынтығы (ағымдағы редакция - Ұсынылатын редакция)жолданды 5 Жыл ішінде Басқарманың қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша құқықтық оқыту көзделсін құқықтық оқыту Сабақ хаттамасы
Жарияланды:
Ақпарат
ШҚО туризм басқармасының «ШҚО туристік ақпараттық орталығы» КММ қызметінде 2025-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ п/п сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауқорытындыларыбойынша ұсынымдар Іс шара Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі 1 2 3 4 5 6 1 1. Сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету. 2. Нарықты алдын ала талдау және бірнеше жауапты тұлғалардың техникалық талаптарды келісуі арқылы нақты өнім берушіге техникалық ерекшеліктер қалыптастыруды болдырмау. 3. Фото-, Бейне есептер мен растайтын құжаттарды ресімдей отырып, орындалған жұмыстардың қабылдануына ішкі бақылауды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның қатаң сақталуы Мемлекеттік сатып алу туралы заңның қатаң сақталуы КММ басшысы тұрақты 2 1. Іс-шараларға қатысу мүмкіндігі туралы ақпаратты ресми ақпараттық ресурстарға орналастыру. 2. Мекеменің іс-шараларына қатысатын ұйымдардың ашық тізілімін жүргізу. Ресми ақпараттық ресурстарда белсенді жұмыс Ресми ақпараттық ресурстарда белсенді жұмыс КММ басшысы тұрақты 3 1. Мекеме басшысының шығыстар сметасын алдын ала келісуін жүзеге асыру. 2. Бастапқы құжаттармен (актілер, шоттар, қатысушылардың тізімдері, фотоесептер) нақты қызмет көрсетуді растау. 3. Қонақ үйлерді, көлікті, кәдесый өнімдерін және басқа қызметтерді таңдау кезінде нарықтық бағаларға мониторинг жүргізу. Бюджет қаражатынтиімдіпайдалану Бюджет қаражатынтиімдіпайдалану КММ басшысы тұрақты БасшыТ.Исенева
Жарияланды:
Ақпарат
«ШҚО туризм басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жетілдіруге ықпал ететін тәуекелдер тізімі
№ Тәуекел индикаторы /сыбайлас жемқорлық тәукелінің сиппатамасы Іс-шара Аяқтау формасы Жауапты орындаушылар Аяқтау мерзімі 1 2 3 4 5 6 1 Жекелеген жеткізушілердің мүдделерін лоббилеу және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелі. Жарнамалық турларды, көрмелерді, форумдарды, фестивальдерді ұйымдастыру, жарнамалық және баспа өнімдерін дайындау, бейнематериалдар жасау, Жарнама орналастыру. 1. Сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету. 2. Нарықты алдын ала талдау және бірнеше жауапты тұлғалардың техникалық талаптарды келісуі арқылы нақты өнім берушіге техникалық ерекшеліктер қалыптастыруды болдырмау. 3. Фото-, Бейне есептер мен растайтын құжаттарды ресімдей отырып, орындалған жұмыстардың қабылдануына ішкі бақылауды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның қатаң сақталуы КММ басшысы тұрақты 2 Туристік бизнестің жекелеген субъектілеріне негізсіз артықшылықтар беру тәуекелі . Туристік өнімді жылжыту, ақпарат тарату, туристерге көмек көрсету, туристік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау 1. Іс-шараларға қатысу мүмкіндігі туралы ақпаратты ресми ақпараттық ресурстарға орналастыру. 2. Мекеменің іс-шараларына қатысатын ұйымдардың ашық тізілімін жүргізу. Ресми ақпараттық ресурстарда белсенді жұмыс КММ басшысы тұрақты 3 Өкілдік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде бюджет қаражатын негізсіз пайдалану және теріс пайдалану тәуекелі. Ресми делегацияларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру (тұру, көлік, тамақтану, кәдесыйлар, аудармашы қызметтері) 1. Мекеме басшысының шығыстар сметасын алдын ала келісуін жүзеге асыру. 2. Бастапқы құжаттармен (актілер, шоттар, қатысушылардың тізімдері, фотоесептер) нақты қызмет көрсетуді растау. 3. Қонақ үйлерді, көлікті, кәдесый өнімдерін және басқа қызметтерді таңдау кезінде нарықтық бағаларға мониторинг жүргізу. Бюджет қаражатынтиімдіпайдалану КММ басшысы тұрақты БасшыТ.Исенева
Жарияланды:
Ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
№ Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 1 Басшы Ұйымдастырушылық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру. Мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөнінде шешімдер қабылдау (бюджет қаражаты), кадр мәселелерін шешу, тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу (мемлекеттік сатып алу), іссапар және шаруашылық шығыстар Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру. Мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету бойынша шешімдер қабылдау. "Жайлы" немесе "ыңғайсыз" жағдайлар жасау, қызметте қажетті игіліктерді: материалдық көтермелеулерді, демалыстарды іріктеп беру, тәртіптік жазаларды негізсіз қолдану мүмкіндігі. Іс жүзінде орындалмаған жұмыстар немесе жеткізілген тауарлар үшін үлестес компанияларға бюджет қаражатын жоғары бағамен аудару. Сыйақы үшін нақты жеткізушіге бәсекелестікті шектеу мақсатында құжаттарды манипуляциялау 2 Басшының орынбасары Ұйымдастырушылық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру. Шешімдер қабылдау және ұйымдастырушылық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру 3 Бас бухгалтер Толық және сенімді есептілікті қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлеу (мемлекеттік сатып алу). Іссапар және шаруашылық шығыстар, активтермен манипуляциялар және есептен шығару Толық және шынайы бухгалтерлік есептілікті қалыптастыру және уақтылы ұсыну. Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлеу.Іссапар және экономикалық шығындар. Мекеменіңтеңгеріміндетұрған материалдық құндылықтарды (негізгі құралдарды, ЖЖМ) заңсыз есептен шығару. БасшыТ.Исенева
Жарияланды:
Ақпарат
"ШҚО туризм басқармасы" ММ қызметінде 2025-2026 жылдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ п/п сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріқорытындылары бойынша ұсынымдар Іс шара Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі 1 2 3 4 5 6 1 Инвестицияларды тарту бөлімі уәкілетті органның, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің атына инвесторлар үшін заттай гранттар шеңберінде алдын ала келісу хаттарын ұсыну рәсімдерін цифрландыру, инвесторды сүйемелдеу алгоритмін бекіту, инвестордың қаржылық тұрақтылығы мен парасаттылығын жан-жақты тексеру үшін қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін кеңейту туралы ұсыныстар енгізсін. Инвесторлар үшін заттай гранттар шеңберінде алдын ала келісу хаттарын ұсыну рәсімдерін цифрландыру бойынша уәкілетті органның атына ұсыныстар әзірлеу Ұсыныстар мен негіздемелері бар хат Инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы 30.08.2026 2 Туризмді дамыту бөлімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне "туристік операторлық (туроператорлық қызметке) лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы қағидаларына лицензия алу үшін кәсіпкерлер ұсынған мәліметтерге міндетті тексеру жүргізуді регламенттейтін нормаларды қабылдау және көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін ақпараттық базаларға қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық Жасасын. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "туристік операторлық (туроператорлық қызметке) лицензия беру"мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізу туралы хат дайындасын Ұсыныстар мен негіздемелері бар хат Туризмді дамыту бөлімінің басшысы 30.08.2026 3 Туризмді дамыту бөлімі уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне талап етілетін құжаттар тізбесіне автокөлікті сатып алу кезінде бағалау туралы есепті енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс енгізсін. ҚР Туризм және спорт министрлігі хат дайындасын Ұсыныстар мен негіздемелері бар хат Туризмді дамыту бөлімінің басшысы 30.08.2026 4 Туризмді дамыту бөлімі уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың міндетті көшпелі тексерулер немесе СГУ жай-күйін мониторингілеу рәсімдеріне нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялаудың үлгілік шартына осы түзетулерді енгізу туралы және шартты бұзу негіздері жөнінде ұсыныс енгізсін. ҚР Туризм және спорт министрлігі хат дайындасын Ұсыныстар мен негіздемелері бар хат Туризмді дамыту бөлімінің басшысы 30.08.2026гда 5 Жыл ішінде Басқарманың қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша құқықтық оқыту көзделсін құқықтық оқыту Сабақ хаттамасы Басшының орынбасары Тоқсан сайын Бас маманР.Курмушева
Жарияланды:
Ақпарат
«ШҚО туризм басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жетілдіруге ықпал ететін тәуекелдер тізімі
№ Тәуекел индикаторы /сыбайлас жемқорлық тәукелінің сиппатамасы Іс-шара Аяқтау формасы Жауапты орындаушылар Аяқтау мерзімі 1 2 3 4 5 6 Инвесторларға қолдау көрсету процесінде талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі коррупциялық тәуекелдерді анықтау 1 қолдау көрсету процесінде қызмет көрсетушінің инвестормен тікелей байланысының болуы инвесторларға арналған табиғи гранттар аясында алдын ала келісім хаттарын беру процедураларын цифрландыру, инвесторға сүйемелдеу көрсету алгоритмін бекіту, инвестордың қаржылық тәуекелділігі мен лайықтылығын жан-жақты тексеру үшін қосымша құжаттар тізімін кеңейту бойынша Ұйымдастырушы органға, ҚР СІМ Инвестициялар комитетіне ұсыныстар енгізу. Ұсыныстар мен негіздемелері бар хат Инвестиция тарту бөлімінің басшысы 2026 жылғы31 шілде Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 2 құқықтық актіде қандай да бір мәселенің құқықтық реттелмеуі. Туризмді дамыту бөлімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі алдында, лицензия алу үшін кәсіпкерлер ұсынған мәліметтерді міндетті тексеруді регламенттейтін нормаларды қабылдау және аталған мәліметтерді тексеру үшін ақпараттық базаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің қолданыстағы қағидаларына өзгерістер енгізу туралы мәселе көтерсін Ұсыныстар мен негіздемелері бар хат Туризмді дамыту бөлімінің басшысы 2026 жылғы31 шілде Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу кезінде нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 3 лауазымды тұлғалардың шешімдер қабылдауы немесе өзге де әкімшілік рәсімдерді орындауы үшін негіздердің болмауы немесе белгісіздігі туризмді дамыту бөлімі уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне талап етілетін құжаттар тізбесіне автокөлікті сатып алу кезінде бағалау туралы есепті енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс енгізсін Ұсыныстар мен негіздемелері бар хат Туризмді дамыту бөлімінің басшысы 2026 жылғы31 шілде Кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу кезінде нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 4 құқықтық актіде қандай да бір мәселенің құқықтық реттелмеуі уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың міндетті көшпелі тексерулер немесе СГТ жай-күйін мониторингілеу рәсімдеріне нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялаудың үлгілік шартына осы түзетулерді енгізу туралы және шартты бұзу негіздері жөнінде ұсыныс енгізсін Ұсыныстар мен негіздемелері бар хат Туризмді дамыту бөлімінің басшысы 2026 жылғы31 шілде Бас маманР.Курмушева